"Қызын қолында ұстап тұрғанда 27 рет пышақтаған: Азаматтық некедегі күйеуі әйелін асқан қатігездікпен өлтірді

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2024, 17:47
3179
"Қызын қолында ұстап тұрғанда 27 рет пышақтаған: Азаматтық некедегі күйеуі әйелін асқан қатігездікпен өлтірді бейнежазбадан алынған кадр

Қырғызстандағы Бішкек қаласының іргесінде ер адам 34 жастағы азаматтық некедегі әйелін баласының көзінше өлтірген. Марқұмның жақындарының сөзінше, күдікті полиция өзі берілген. Ал Рахиманың үш баласы жетім қалды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Рахиманың анасы қызын өлтірген ер адамның оның екінші күйеуі екенін айтады. Бірінші некесінен Рахиманың екі ұлы бар екен. Ал қызын сал ауруымен дүниеге келген ұлы көз жұмған соң асырап алған.

Марқұмның жақындары "Настоящее время" басылымына берген ақпаратында азаматтық некедегі күйеуі Рахиманы бұған дейін де ұрып келген деді. 

"Ұлдары сал ауруымен дүниеге келіп, кейін көз жұмды. Сол кезде Рахимаға бала күтімі бойынша көмектескен едім. Күйеуі ұрған кезде мен куәгер болдым, есінен танғанша басынан қазанмен ұрды. Содан кейін екеуі татуласты, бірақ барлығына ажырасатынын айтып жүрген. Енді өтпейтін пышақпен 27 рет пышақтады дейді. Сол кезде қызын қолына ұстап тұрған. Балалары көрші бөлмеде отырыпты. Асқан жауыздықпен өлтірген, мұндайларды өлім жазасына кесу керек", – дейді әйелдің туысы Бурмагүл Жамакеева.

Көршілерінің айтуынша, ер адам полицияға өзі берілген. Сондай-ақ Рахиманы көзіне шөп салғаны үшін өлтіргенін айтыпты. Ішкі істер министрлігі көп ұзамай күдіктінің ұсталғанын, "Асқан қатігездікпен кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Әйелдерді қорғайтын кезде заң жұмыс істемейді. Рахима бірнеше рет милицияға арыз жазды, ұрып-соғатынын айтып, шағым түсірген. Бірақ ол жердегілер отбасылық іске араласпайтынын айтыпты. Өзі де бұл туралы бірнеше рет айтты. Әйелді өлтірген соң ғана полиция шара қабылдайды. Қанішерді қатаң жазалауды талап етеміз", – деді Рахиманың әпкесі Миргүл Былжиева. 

Марқұмның анасы қызының екі ай бұрын күйеуімен ажырасқысы келгенін айтады. Бірақ ер адам әйелін қайтарып алу үшін барлығын істеген, тіпті жақындарынан көмектесуді сұрапты. 

"Жарқырап жүретін. Әрі қарай не істейін? Қалай өмір сүремін? Әрі кетсе 10 жыл отырып, бостандыққа шығады. Ал қызымды кім қайтарып береді? Сол күні күйеуі маған келіп өзгергенін, 5 уақыт намаз оқып, ораза ұстайтынын айтты. Жылап кешірім сұрап, қызымен татуластыруды сұрады. Мұнда менің де кінәм бар. Не үшін істедім? Оны аяп едім, енді қызымнан айырылдым. Біздің балаларымызды өлтіруді қашан қояды? Әйелдердің құқығын қашан қорғайды", – деді Салқынай Құрманова. 

«Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті "Асқазанның жарасын да, артығын да кесті": Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен қалай арпалысқанын айтты Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі елге оралды