Ақтөбеде күйеуі мен үш баласының өліміне кінәлі деп айыпталған әйелге сот үкім шығарды

Аиса Махамбет Редактор
12.04.2024, 18:57
534
Ақтөбеде күйеуі мен үш баласының өліміне кінәлі деп айыпталған әйелге сот үкім шығарды pixabay.com

Оқиғаға күдікті деп танылған әйелге үкім шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, былтыр Самара-Шымкент тасжолында ірі жол апаты болып, бірнеше адамның өмірі қиылған еді. Оқиғаға күдікті деп танылған әйел сотта ақталып шықты.

Көлік тізгінін ұстаған 30 жастағы әйел күйеуінен, үш баласынан айырылып қалды. Тергеу дерегі бойынша, әйел қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.  Алайда, сотта бұл нұсқа толық емес деп танылды. Оның алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шыққаны жоққа шығарылды. Сотта әйел өз жолағымен қозғалғаны дәлелденді.

Жол көлік апатына жанармай тасымалдайтын көлікті басып озамын деген жүк көлігі қарсы жолға шығып кетуі себеп болған. Мұны көрген әйел тежеуішті басқанымен, жол апатынан қашып құтыла алмаған. Куәгерлер бұл деректі растады.

Нәтижесінде Әйтекеби аудандық соты күдіктінің жол ережесін бұзғаны дәлелденбегендіктен оны ақтау туралы шешімге келді. 

Олжас Бектенов авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешуді тапсырды "Сулы сүлгімен ұрған": енесінен қан-жоса боп "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келінге қатысты тәтесі сұмдық жайтты айтты Әуежайдан шыққан шетелдік турист бірден ақшаға құныққан такси жүргізушілеріне кезігеді Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалдым Өзім де алғаш рет көріп отырмын: Мақпал Жүнісова жас кезіндегі фотоларын тауып алды Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды «Сегіз әйелдің анализі шықты»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек айтылды Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Жиһаз алаяқтары: қазақстандағы жаңа алаяқтық фактілері Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады