"2-3 жастағы сәбилердің денесін зерттеу қиын": Бишімбаев сотындағы медициналық сарапшы жұмысындағы қиындықтар туралы

23.04.2024, 12:45
3083
"2-3 жастағы сәбилердің денесін зерттеу қиын": Бишімбаев сотындағы медициналық сарапшы жұмысындағы қиындықтар туралы Tengrinews.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың дене жарақаттарын батыл түсіндірген сот-медицина сарапшысы Тахир Халиминазаров тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өз ойымен бөлісті.

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Өзіңнің қызың болсын, біреудің қызы болсын оларға ана деген көзқарас болу керек. Қыздар — біздің, қоғамның келешегі. Қыздардың да қазір сауаты өсті, өзінің құқықтарын біледі. 3 баласы болса да, ажырасып жатқандар бар. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Балаға да тәрбиені дұрыс беру керек. Отбасында зорлық-зомбылық көрген бала да психологиялық травма алады. Оның бәрінің әсері қалады. Ол бала да болашақта сондай болуы мүмкін. Сол үшін ажырасып кетеді. Мен мұны дұрыс деп ойлаймын. Бір рет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаң оны жәй қалдыруға болмайды. Қол көтерген адамға кешірім деген болмау керек. Осы заманда, осы қоғамда әйел кісіге қол көтеру деген не? Оны қалай кешіресің?», — дейді ол.

Сондай-ақ, сарапшы моральдық тұрғыда ең қиын сараптама кішкентай баланың мүрдесіне жасалатын сараптама екенін де жасырмады.

«Ең қиын сараптамалар кішкентай балалардың өлім себебімен жасалған сараптамалар. Әрине, сарапшы сараптама жасауға кіргенде ештеңеден қорықпайды. Бірақ, денені зерттеп жатқан кезде сәбидің кішкентай қолдары, саусақтары , аяқтарына қарайсың және оған ешқашан үйрене алмайсың. Оған шыдау өте қиын. Сараптама біткеннен кейін бәрін жүрегіңе жақын қабылдайсың. Мынау жұмысым ғой деп жәй қарай алмайсың. Бәрібір баланың денесіне қолың тиеді, сол кезде ішің күйіп кетеді. Өйткені, сен адам болғаннан кейін көз алдыңда бәрібір бала-шағаң келеді. Ол да біреудің баласы. Оның ата-атасы не сезсе, сен де соны сезесің. Жасы келген адамға қатты мән бермейсің. Ал, кішкентай сәбилер періштелер ғой. 2-3 жастағы денені зерттеу — моральды тұрғыдан өте ауыр», — дейді Тахир Халимназаров.

 

Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды Бет ашамын деп алданып қалдым - Мақсат Базарбаев (видео) «RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз: Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты Қостанай облысында қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен "Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты "Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті