Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған

23.04.2024, 18:50
164
Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 23 мыңға жуық шетел азаматы келген.

Алматы – инфрақұрылымы дамыған, өзіндік мәдениеті бар шаһар. Сондықтан алыс және жақын шетелдерден келген шетелдіктердің қызығушылығын оятады. Көші-қон ағыны жыл сайын артып келеді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізгенімен, жалпы қылмыстық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни құқықбұзушылықтың саны өсуде. Ауыр қылмыс тіркеліп жатыр. Мәселен, Алматының Түрксіб ауданында шетел азаматы өзінің танысын өлтірген. Ал Медеу ауданында Үндістан мен Пәкістанның екі азаматы синтетикалық есірткі шығаратын зертхана ұйымдастырған. Шетелдік студенттердің қатысуымен болатын төбелестер де көптеп кездеседі, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ ол Алматыда ҚР көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған десек, оның 4 мыңға жуығы шетел азаматтары екен. Жалпы, сот шешімімен 682 шетелдік елден шығарылды. Алматы полициясы елге келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті