Алматыда қыз зорлады деген күдікпен танымал фотограф сотталды

24.04.2024, 14:57
481
Алматыда қыз зорлады деген күдікпен танымал фотограф сотталды esquire.kz

Алматы қалалық Медеу ауданының № 2 аудандық сотында зорлау ісі бойынша айыпталған 34 жастағы азамат Азамат Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

2023 жылғы 8 наурыздан 9-на қараған түні Азамат Кенжеғұловқаланың түнгі клубтарының бірінде демалып, сол уақытта өзінің құрбыларымен демалып жүрген танысы О-мен кездескен. Бұдан кейін, К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелді. Әрі қарай, жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған. Осылайша сотталушы зорлау ісін жүзеге асырған.

Сотталушы К. кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен К. ҚК-нің 120 бабы 1 б. бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды