Қазақ тілі сөзсіз этносаралық қарым-қатынас тіліне айналады – Қасым-Жомарт Тоқаев

25.04.2024, 13:34
270
Қазақ тілі сөзсіз этносаралық қарым-қатынас тіліне айналады – Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда

Тіл мәселесінің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.

«Жер жүзінде бәрімізді алаңдатын түрлі оқиғалар болып жатыр. Біртұтас ұлт ретінде дәл осы кезде біздің мақсатымыз да, ниетіміз де бір болуға тиіс. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды», –  деді Президент. 

Мемлекет басшысы тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі екенін баса айтты. 

«Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады», –  деді Мемлекет басшысы.

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды