Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі түлектерге қосымша білім гранттары бөлінуі мүмкін

25.04.2024, 13:57
205
Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі түлектерге қосымша білім гранттары бөлінуі мүмкін canva.com

Су тасқынынан зардап шеккен 6 аймақтың түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді бөлек кестемен тапсырады.

Егер төмен балл алса қаңтар-наурыз айларындағы нәтижелерін есептеуге болады.

Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлады.

Одан бөлек, қазір қосымша нысаналы гранттар бөлу жағы қарастырылып жатыр. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова тасқын болған аймақтарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек жайлы айтты.

Үйін су шайғандар үшін жаңа үй салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі. 11 000 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем алды. Бүлінген үй заттарын қалпына келтіру үшін тағы 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы қарастырылған. Өтелмеген несиесі барлардың төлем мерзімі 1 сәуірден 30 маусымға дейін шегеру қарастырылып жатыр. Мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мерзімі 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды.

Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова зардап шеккен мектеп жасындағы балаларға ерекше қамқорлық көрсетіліп жатқанын айтты.

– Оқушылардың оқу маусымын аяқтауына жағдай жасау үшін эвакуациялық орталықтарда болған 4 000-нан аса бала сауықтыру лагерьлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Олар мұнда үйлері қалпына келтіріліп, мектептерінде оқу процесі қайта жалғасқанға дейін болады, – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты