«BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталады

26.04.2024, 09:46
182
«BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Өтінімдерді «Birgemiz» жобаларын жүзеге асырып, шағын гранттар байқауына қатысу мәселелері бойынша кеңес беретін 8 ҮЕҰ қабылдайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің барлық өңірлерінде «Birgemiz»жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік саладағы нақты жергілікті міндеттерді шешу үшін бастамаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар байқауы басталады. 

«Birgemiz гранттық бағдарламасы» Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттарды волонтер боп саналатын, кәмелетке толған қазақстандықтар және бастамашыл топтар мен ҮЕҰ-лар ала алады. Байқау аясында 300 000 теңгені құрайтын 240 шағын грант беріледі:

BIRGEMIZ: Bilim – Волонтерлерді тарту арқылы халықтың әртүрлі топтар арасында, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

BIRGEMIZ: Saýlyq – Денсаулық сақтау саласында волонтерлерді тарту, оның ішінде стационарлық жағдайда ем ұсынатын медициналық мекемелерге (хоспистер, онкологиялық диспансерлер және т.б.) волонтерлерді тарту;

BIRGEMIZ: Sabaqtastyq – Балалар үйлеріндегі балаларға, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобаларда волонтерлерге тәлімгерлік ету тәжірибесін енгізу;

BIRGEMIZ: Taza Álem – Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

BIRGEMIZ: Asyl mura – Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

BIRGEMIZ: Qamqor – Қарттар үйлеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы волонтерлік қызмет және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

BIRGEMIZ: Úmit – Жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою;

BIRGEMIZ: Ayala – жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 25 сәуірден 14 мамырға дейін жалғасады. Қажетті құжаттардың тізімі, ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері, сондай-ақ басқа да ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында орналасқан.

«189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек