Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыттар саны артпақ

26.04.2024, 12:15
290
Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыттар саны артпақ Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары жүріп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мекемелер мен аудан, қала әкімдерінің басын қосып, осы саладағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында мәжіліс өткізді. Су үнемдеу технологиясын енгізуді кешеуілдетіп жатқан аудан, қала басшыларына ескерту жасап, ширақтық танытуды жүктеді.

Мемлекет басшысы агросаланы су үнемдеу технологиясын енгізе отырып дамытуды тапсырды. Өңірімізде су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт іске қосылды. Оның өнімін тұтыну бойынша облысымыз көш бастауы керек еді. Бірақ әлі де жүйелі жұмыс көрмей тұрмын. Жауапты басқарма аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, шаруаларға су үнемдеу технологиясын енгізу жолдарын түсіндірсін. Оларға көмектесіңіздер. Сонда ғана қозғалыс болады. Аудан, қала әкімдеріне су үнемдеу технологияларын ендіру жоспарын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Индикаторға енгізіліп, рейтинг жасалады. Жұмысты дұрыс үйлестіре алмаған басшылардың жауапкершілігі қаралады. Тамшылатып және жаңбырлатып суғару алқаптарын еселеп арттыру – уақыт талабы, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов су үнемдеу технологияларын енгізу және осы бағытта өндірістік кәсіпорындар ашу мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Биыл облыста 22442 гектар жерге су үнемдеу технологияларын ендіру көзделген. Бүгінде 4 мың гектарға жуығына ендірілген. Қалғанында жұмыс жүріп жатыр.

Мәжілісте «Тұран су» мекемесі жанынан су үнемдеу технологияларын шығаратын өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар да сарапталды. Екі ай көлемінде Саурандағы өнеркәсіптік аймағында тамшылатып суғару құбырын, шланг және өзге де құрылғылар шығару бойынша бірнеше жоба жүзеге асып, кәсіпорындар іске қосылады. Инвесторлармен келісім жасалған.

Жиын соңында аудан, қала әкімдеріне жұмысты жандандыру, жауапты басқармаға тамшылатып суғару технологиясын ендіруші шаруа қожалықтары мен мердігерлерге тиісті қолдау көрсету тетігін жетілдіру жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге су үнемдеу технологиясына бет бұрған кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын сүйемелдеу, қолдау көрсету жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті «Той мен дінді шатастырып»: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шақырды (Видео) «Бұған не болды»: Нұрболат Абдуллиннің жаңбыр астындағы видеосы қызу талқыға түсті Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды «189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады