Жылыой ауданында 3591 тұрғын бір жолғы материалдық көмек алды

26.04.2024, 18:05
312
Жылыой ауданында 3591 тұрғын бір жолғы материалдық көмек алды ашық дереккөзден

Жылыой ауданында 2920 үй және 19 көппәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) суға кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысындағы Жылыой ауданында үш мыңға жуық үй тасқыннан зардап шеккен. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Бүгінде Қоғамдық штаб жанында жұмыс істеп жатқан азаматтар тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек үлестіру, несие төлемі уақытын кейінге шегеру, суға кеткен үйлерге бағалау жұмыстарын жүргізу, мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмекке құжаттар жинақтау бойынша кеңес беріп жатыр.

– Суға кеткен үйлердің ішінде екінші деңгейлі банктерде кепілдікте тұрған үйлер, құжаты жоқ үйлер де бар. Біз қазір осындай үйлерге де бағалау жүргізу бойынша кеңес беріп, тұрғындарға бағыт көрсетудеміз, – деді Жылыой ауданының Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев.

26 сәуір күнгі ақпаратқа сәйкес, Жылыой ауданында 2920 үй және 19 көп пәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) суға кеткен.

25 сәуір күнгі мәліметке бойынша, тасқыннан зардап шеккен 3591 тұрғын 100 АЕК көлемінде біржолғы материалдық көмек алды.

«Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті "Асқазанның жарасын да, артығын да кесті": Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен қалай арпалысқанын айтты Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі елге оралды