«Сыйлап жүргендердің өзі жамандайды»: Қоянбаев киносын сынайтындарға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
27.04.2024, 10:10
820
«Сыйлап жүргендердің өзі жамандайды»: Қоянбаев киносын сынайтындарға жауап берді бейнежазбадан алынған кадр

Өнер иесі тіпті сыйласып жүрген жандардың да өзі жайлы жаман сөз айтатынына қынжылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал актер Нұрлан Қоянбаев комедия жанрын бағаламай, киносын сынға алатындарға жауап берді.

Нұрлан Қоянбаев отандық киноны сынаудың орнына, барынша қолдау білдіруге шақырды.

"Мен осы жерде, комедия жанрында жұмыс істеп жатқан барлық әріптесіме алғысымды білдіргім келеді. Тек кино емес, сахнаға шығып, вайн түсіріп жүргеннің бәріне қолдау керек. Текті елдің ғана комедиясы бар, мықты Франция, Англия, АҚШ, Түркия, Корея және тағы басқа. Қазақстанда комедияның дамып келе жатқаны елдің мықтылығын көрсетеді. Тек мықты елде ғана адамдар бір-бірімен әзілдесе алады. Комедия жанры басын бастап берді, қазір шүкір басқа жанрдағы фильмдер де шығып, жақсы касса жинап жатыр", - деді Қоянбаев "Мархабат" бағдарламасында.

Кинопродюсер өзі жақсы сыйласатын жандар да еңбегін бағаламай жатқанын айтты.

"Комедия жанры кино саласындағы ең қиын кезеңді өтіп берді. Мұның бәрін өзіміздің қазақтар істеп отыр. Қазақтар осындай шыңға жетіп отырған кезде жоғарыда отырған ағаларымыздың біреуінен болсын жақсы сөз естиін десең, сыйлап жүргендердің өзі жаман сөз айтады. Бұған дейін сыйлап жүрген ағаларымыздың бірі "Өй, Қоянбаев деген сайқымазақ, Тұрсынбек деген сайқымазақ" деп айтыпты. Оған қарап тұрасың да кейде ренжисің", - деді актер. 

 

TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды