«Арабқа күйеуге шығып кетпеңдер»: Құралай Нұрқаділованың анасымен әзілдескені жұртты сүйсінтті

Аиса Махамбет Редактор
27.04.2024, 13:51
5803
«Арабқа күйеуге шығып кетпеңдер»: Құралай Нұрқаділованың анасымен әзілдескені жұртты сүйсінтті жеке парақшасынан

Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова Дубайдан балаларымен қайта алмай қалып, бірнеше күннен кейін елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дизайнер балаларымен Дубай қаласындағы табиғаттың тосын әрекетінен бірнеше күн бойы қайта алмаған. Ал бейнежазбада дизайнердің анасы қызына қатты алаңдағанын айтады.

"Рас па, өтірік пе? Қазақстанның суынан қашып, Дубайдың суына бардың. Аман-есенсіңдер ме?! Ауырған жоқсыңдар ма?! Енді шет елге шықсаңдар, мені алып кетіңдер, қорғап жүремін. Дубайды көріп, сендерді уайымдап отырдым. Жерде қайықпен жүр, ұшақтар суда тұр. Қазақстаннан қашып, мына қыздың барған жерін қара. Не тындырдыңдар? Арабқа, бір шейхтың ұлына тұрмысқа шығып кетпеңдер. Мені кім алады деме, теңіңді тапсаң болды емес пе?", – деп әзілдеді анасы. 

Желі қолданушылары қызы мен анасының әзіліне күліп, түрлі пікір жазып жатыр. Арасында анасын ұйғыр ұлтына ұқсатып жатқандар да бар. 

"Өзінің жасына сай жарасымды киініпті”, “Көзін бояп алыпты, косметика жағатыны көрініп тұр”, “Анасы сұлу екен", "Анаңыз әлі де сымбатты екен", "Керемет, жарасымды", "Аман болыңыз", "Өте керемет ана екен", – деп жазды оқырман қауым. 

Сондай-ақ Құралай Нұрқаділова анасына жылы лебіз білдірген желі қолданушыларына рақмет айтып, анасының бір күндік режимін айтып берді. 

“Менің анам – өзінен күтімді аямайтын жандардың үлгісі. Қазақстандағы нөмері бірінші сәнқой әйел. Үнемі өзіне қарап жүреді. Косметолог мен маникюрге баруды анамнан үйрендім. Сол үшін ризамын. Қазір жасы 79-ға келді. Күн сайын 10 км жүреді. Біздің қолымызда отырғысы келмейді”, – деді дизайнер. 

Еске салайық, Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесіндегі қызымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. 

«Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті "Асқазанның жарасын да, артығын да кесті": Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен қалай арпалысқанын айтты Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі елге оралды