Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды

28.04.2024, 11:14
385
Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

2024 жылдың басынан бастап армияшылар әлемдік жарыстардың 7 алтын, 3 күміс және 2 қола медалін иеленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орталық спорт клубының 20-дан астам спортшысының 2024 жылғы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар.

Армия балуандары қатардағы жауынгер Әлімхан Сыздықов пен кіші сержант Айдос Сұлтанғали Бішкекте өткен сәуірдегі Азия чемпионатының алтынын жеңіп алып, Олимпиада квотасының иегері атанды.

Әлімхан Сыздықов 130 келі салмақ дәрежесінде шешуші белдесуде қырғыз балуаны Роман Кимнен басым түсті. Бұған дейін ол 1/4 финалда түркіменстандық Айбешазад Кураевты ұтқан болатын. Ал Айдос Сұлтанғали іріктеу жарысында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда жеңіске жетті. Шешуші кездесуде ол тайбэйлік Джу Чи Хуанмен белдесті. Мерзімінен бұрын жеңіске жеткен Айдос Олимпиада лицензиясының иегері атанды. Осылайша, Орталық спорт клубының грек-рим күресі командасы Бішкектегі азиялық іріктеу ойындарын Олимпиаданың екі жолдамасымен аяқтады.

ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Нариман Құрбанов Дохада өткен Әлем кубогының лицензиялық кезеңінде спорттық гимнастикадан екінші орынды иеленіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Жерлесіміз 70 ұпай жинап, рейтингте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды 85 ұпаймен иорданиялық спортшы жеңіп алды.

Қазіргі уақытта армия спортшыларының қоржынында 9 жолдама бар. Олимпиадада кіші сержант Сәкен Бибосынов пен Қарулы күштердің қызметкері Махмұд Сабырхан бокстан, кіші сержант Айдос Сұлтанғали мен қатардағы жауынгер Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан, Қарулы күштердің қызметкері Елена Потапенко қазіргі заманғы бессайыстан, Қарулы күштердің қызметкері Ислам Сәтбаев оқ атудан, Қарулы күштердің қызметкерлері Сомирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғали таэквондодан ел намысын қорғайтын болады.

Бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубында спорттың 15 түрі дамыған. 180-нен астам армия спортшысы әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасында өнер көрсетеді.

2023 жылы әр түрлі халықаралық жарыстарда армия спортшылары 171 алтын, 82 күміс және 87 қола медаль жеңіп алды. 2024 жылдың басынан бастап армияшылар әлемдік жарыстардың 7 алтын, 3 күміс және 2 қола медалін иеленді.

«Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті