Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды

28.04.2024, 16:42
721
Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды Freepik.com

Іс Ұйғыр аудандық сотында қаралды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының тұрғынын ұлтараздық тудырғаны үшін соттады. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық агенттігі жазды. 

Сотталушы өткен жылдың 6 қараша күні ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған аудиожазбаны What'sApp мессенджері арқылы әртүрлі ұлт өкілдерінің азаматтары бар көршілерінің чатына жіберген. 

Сотта әйел аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданы тұрғындарының көңіліне тиетінін білгені анықталды. 

Прокурор жазалау мақсатында бас бостандығынан айыруды ұсынды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Сот залында ол өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінің санкциясы екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот жеңілдетілген жағдай бойынша шын ниетпен өкінуін, ауырлататын жағдайлардың болмауын, зейнеткерлік жасын, денсаулық жағдайын ескере отырып, сотталушыны түзету оның қоғамнан оқшауланбай-ақ қол жеткізуге болады деп санады.

“Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды.  ҚК 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, - делінген хабарламада

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) Абай облысының әкімі әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр "Қалай темекі шекпейсің?": дипломаттың әйелі отбасылық өмірі мен көрген зорлықтарын айтты (видео) Ақтөбеде су тасқыны кезінде жарамсыз күйге түскен көпір жанынан уақытша жол салынды Бет ашамын деп алданып қалдым - Мақсат Базарбаев (видео) «RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр Зейнеп Ахметова: Келіннің сәлем салуы – Құдайға серік қосу емес, барған әулетіне құрмет көрсету Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз: Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтты Қостанай облысында қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен "Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты "Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО)