"Көгерген нан мен пияз берді": Алматы облысында келіншек екінші күйеуі мен бастығына шыдамай, мал бағатын орыннан қашып кеткен

01.05.2024, 14:23
4671
"Көгерген нан мен пияз берді": Алматы облысында келіншек екінші күйеуі мен бастығына шыдамай, мал бағатын орыннан қашып кеткен Бейнежазбадан

Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғыны Гүлжайна Ізбасарова жалданып жұмыс істеп жүрген жерінен қашып кеткен.

Айтуынша, фазенда иесі күйеуін өзіне қарсы қойып, күш көрсеткен. 29 жастағы келіншек қорлыққа шыдамай кетуге мәжбүр болғанын және балаларының құжатын күйеуінен ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш баласы бар келіншек 2009 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Кейін Гросс Лев деген азамат оны алып қашқан. Ал одан жүкті кезінде күйеуі басқа әйел алған. Сөйтіп келіншек 2014 жылы тұңғышын дүниеге әкелген.  

“2017 жылы екінші сәбиімді, қыз баланы дүниеге әкелдім. Туған кезімде он күндей қасымда болды. Сосын алып кетті, қайда екенін білмеймін. Мен оқи алмаймын сауатым жоқ. Қызымды босанған кезде дәрігерлер бір қағаз әкеліп қол қойдырып әкетті. Кейін қызымды көрмедім”, – деді Гүлжайна. 

Гүлжайнаның қазіргі күйеуі Мәлік Мұхаммедқалиев өзінен 14 жас үлкен. Олар Гүлжайна фазендаға аспаз болып жұмысқа келгенде 2016 жылы танысып, көңіл жарастырған. Кейін екі баланың ата-анасы атанған. 

“Фазендада жүрдік. Күйеуім пысық емес, өзінің ақшасын сұрап ала алмайды. Басын көтеріп жүре алмайды. Фазендада ақымызды бермеді. Аз ғана қатып қалған нан мен пияз әкеліп “соны үнемдеп жеңдер, тамақты көп ішесіңдер” дейтін. Қазір күйеуімнен басқа малшы болмағасын оған 150 мың теңге беріп отыр екен. Ал ол мені қуып екі баланы өз атына жазып, басқа әйел аламын дейді. Қожайын басқа әйел алып беремін депті. Жарайды алып берсе, алып берсін, бірақ мен оған екі баламды бермеймін”, – деп қосты келіншек.

Гүлжайна осы тұста күйеуінің ұрып-соққанын, қорлағанын да жеткізді. Айтуынша фазенда бастығы балаларға құжат жасап беремін деп, Гүлжайнаның құжатын алып алған. 

“Бірінші рет Мәліктің қол астында төрт жыл жұмыс істедік. Ақымызды жегесін жолдасыма Алматыға кетейік дедім. Кейін жалынғасын қайта келіп тағы бір жыл жұмыс істедік. Екінші рет шақырғанда күйеуіме бармайықшы деп едім, ол “мал беремін деп айтты барайық” деп қоймады”, – деп қосты ол.

Ал келіншектің күйеуі жұбайының айтқанын жоққа шығарды.

“Мына жер оған ұнамады, сол үшін қашып кетіп отыр. Бір емес, бірнеше рет қашып, қайтып келген. Бақанаста Анар деген құрбысына барады. Баласын өзі қалдырып кеткен. Екі балаға құжат жасайық дедім, жүрісі мынау. Іздемеймін оны, өзі қиналғанда келеді. Еріншек, салақ, ұйықтағанды жақсы көретін келіншек. Сол үшін екеуіміз жиі ұрсысып қаламыз. Кетуінің себебі – осы”, – деді Гүлжайнаның күйеуі Мәлік Мұхаммедқалиев.

Осы тұста үш баланың анасы күйеуінен баласын қайтаруын сұрайтынын айтты.

“Мен қашқан жоқпын, бәрінен шаршаған соң одан кетіп қалдым. Екі кенжемді алып кеттім. Оларды қайтару үшін күйеуім үлкен ұлымды кепілде ұстап отыр. Басында отасарда үлкен ұлымды қабылдайтынын, өгейлігін білдірмейтінін айтқан еді”, – деп қосты ол. 

Осы тұста Гүлжайнаның үш рет тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Оның ұлының әкесі Дулат есімді азамат болып шықты.

“Гүлжайнамен 2014 жылы таныстық. Екеуіміз бірге тұрдық, азаматтық некеде болдық. Менен кетерінде жүкті болып кеткен. Одан кейін мен оны көрмедім, кетіп қалды. Сенің балаң бар деді, бірақ мен одан кейін оны көрген жоқпын. Екеуіміз ұрысып қалдық. Үй жұмыстарына жақсы, тамақ істейді, үй жинайтын еді”, – деді Дулат. 

Келіншек балалары мен өзінің құжатын реттеп, балаларымен бірге өмір сүргісі келетінін айтты. 

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды