Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді

02.05.2024, 11:37
210
Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Халық үні

Шымкент қаласының Ішкі істер департаменті мен Прокуратурасысы қыз алып қашуға қатысы бар адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті.

Оtyrar.kz-тің хабаралуынша, биыл Шымкентте қыз алып қашқысы келген азамат 4 жылға сотталды. Ал қалған жайттар сотқа жеткізілмеген. Құқық қорғау мамандары осы мәселеге байланысты отырыс өткізіп, 15 сәуірде қабылданған заң өзгерістеріне байланысты жазаның күшейгенін айтты. Отырыста құзырлы органдардың өкілдері қылмысқа қатысты мәлімет беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Мараттың айтуынша, былтыр қалыңдықтың келісімінсіз үйлену мақсатында қызды алып кеткен жағдай болғанмен олар сотқа жетпеген. Прокуратура қызметкерлері жәбірленуші тарап кешіріп, екі жақты келісімге келуіне байланысты іс қысқарып отырғанын жеткізді. Алайда жаңа заң аясында талап күшейіп отыр.

Алып қашу бойынша іс бұрыннан бері 125 бабпен қаралатын. Бұрында мұндай жағдай көп болатын. Бірақ қылмыстың аяқталуына байланысты сотқа бара бермейтін. Қазір заң аясы күшейді. Соған сай енді жаза да қатаңдайтын болады, – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұрын мамандар құқық бұзушылықты тіркеумен ғана шектелген болса, былтырдан бастап зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін оны анықтауға кірісті. Полицейлер содан бері қалада әйелдерге қатысты заң бұзушылықтың азайғанын айтты.

Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 32.2 пайызға азайған болса, соның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында жасалған жұмыстар нәтижесінде қылмыстар 7-ден 4-ке түсті, – деді Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абраманов.

Сонымен бірге отырыста түзету енгізілген заң бойынша әйелдерді ұрып-соғу, денсаулығына қасақана зиян келтіретін жағдай үшін қандай жаза қолданылатыны туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда енді әйелдерге қауіп-қатер тигізген азамат 80 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 12 жылға дейін бас бостындығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстандық азамат алимент төлемеу үшін өзінің «қайтыс болғанын» айтқан Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты Енді қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді: Тоқаев жаңа заңға қол қойды Атырау облысында ерлердің жалақысы әйелдердікінен 85% жоғары Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады (ВИДЕО) Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді Бірнеше өңірде үсік жүреді: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы «Аузына аттың ауыздығын салып, ұрып–соққан»: Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келген «555 күн өтті…»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады Қақтығыс байқалмады: сенаторлар Құлсарыдағы жағдайды қалай бағалайды Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек «Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды «Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты Бишімбаев ганнибалдар отырған түрмеде жазасын өтеуі мүмкін – заңгер Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады