Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады

02.05.2024, 12:38
202
Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Azattyq Ruhy

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды мақұлдады.

Cенатор Бауыржан Қаниев аталған құжат Қазақстанның 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізетінін жеткізді.

Олар:

  • жаңа туған нәрестелердің дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру;
  • байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау;
  • ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша байланыс қызметтерін субсидиялау;
  • байланыс операторларын мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер беруге міндеттеу;
  • алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу үшін антифрод-орталықтың құқықтық мәртебесі мен функцияларын бекіту.

«Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт талаптарын сақтауын бақылауға қажет ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат алу да осы заңның аясында қарастырылған. Сондай-ақ, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне телекоммуникация желілері мен кабельдік кәріздерді бюджет есебінен түгендеу құзыреті беріледі. Заң мақұлданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдетіледі. Байланыс қызметтерінің сапасы жақсарып, қамту аймақтары кеңейеді және абоненттер саны артады. Сонымен қатар, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамып, спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды. Инвестициялық ахуал жақсарып, экономикадағы инновациялардың үлесі артады», – деді Бауыржан Қаниев.

Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты Енді қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді: Тоқаев жаңа заңға қол қойды Атырау облысында ерлердің жалақысы әйелдердікінен 85% жоғары Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады (ВИДЕО) Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді Бірнеше өңірде үсік жүреді: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы «Аузына аттың ауыздығын салып, ұрып–соққан»: Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келген «555 күн өтті…»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады Қақтығыс байқалмады: сенаторлар Құлсарыдағы жағдайды қалай бағалайды Алматыда мешіттерде телефон ұрлап жүрген ер адам ұсталды Үздік оқу орындарының бірі Maqsut Narikbayev University оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік бермек «Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды «Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты Бишімбаев ганнибалдар отырған түрмеде жазасын өтеуі мүмкін – заңгер Алматыда тоқалдарға арналған сөмке сатылып жатыр Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады Қазақстанда іздеуде жүрген педофил Ресейде ұсталды