Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр

04.05.2024, 15:58
489
Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр Jogargy_sot

Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта жарыссөздің бірінші кезеңі аяқталды. Үзілістен кейін судья Айжан Құлбаева тікелей эфирді тоқтатып, алқабилердің шығуын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жарыссөздің екінші бөлімі алқабилердің қатысуынсыз өтеді. Сол себепті эфир тоқтатылып, БАҚ өкілдері сот залынан шықты.

Жарыссөздің екінші бөлімінде мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық өкіл, қорғаушының және сотталушы сөйлейді. Онда сотталушының тағылған айыбы, жазасы және азаматтық талап талқыланады. 

Қазір Бишімбаев пен Байжановты соттау қажет деген баптар талқыланып жатыр.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары экс-министрдің әрекетін 104-баптың 1-бөлігі "Абайсызда болған адам өлімі" бойынша саралауды сұраған. Бұл бап үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеуді қарастырады.

Ал айыптаушы тарап қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы "Материалдық жағынан тәуелді адамға күш көрсету әрекеттерін қолдана отырып, жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы дене және психикалық зардап келтіру" және 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру"баптары бойынша соттауды талап етті.

Келесі сот отырысы 6 мамыр сағат 10:00-де болады.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты