«Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті

Аиса Махамбет Редактор
04.05.2024, 21:12
6511
«Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті жеке парақшасынан

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев балалық шағын есіне алып, ата-әжесінің тәрбиесінде болғанын жасырмады. Бұл туралы “Сәлем, папа” жобасында айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі бала күнінде әке-шешесінің кім екенін білмеген. 

“1976 жылы туғанмын. Балалық шағым Тараз қаласы, Талас ауданында өтті. Ол кезде заман сондай ма, ата-әженің баласы болдық. Әке-шешем маған аға-әпке сияқты еді. Олар қалада тұрды. Мен ата-әжеммен ауылда тұрдым. Әке-шешемнің солар екенін естігенде қатты таңғалдым. Оған дейін мені әжем туған деп ойлап жүріппін. Мектепке баратын кезде әкемнің атамнан жалынып сұрап алғаны есімде. “Қаланың өмірін көрсін, мектепке барады” дегесін атам рұқсатын берді. Екі әкенің тәрбиесін көрдім деп айта аламын. Өнердегі әкем – Алтынбек Қоразбаев. Ол кісі де әкемдей қамқорлық жасады”, – деді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі баланың өмірінде әкенің алатын орнын айтып, бала тәрбиесі туралы да ойын бөлісті. 

“Әкемнің мінезі ақкөңіл, әзілге жақын. Ортасын жадыратып, күлдіріп отыратын. Шешем –салмақты, көп сөйлемейтін адам. Мен екеуінің де қасиетін теңдей бойыма сіңіргенмін. Салмақтылығым да, әзіл айтып күлдіріп отыратыным да бар. Балаға әкенің өсиеті мен берген тәлімі өте маңызды. Қазақ әкені асқар тауға теңейді. Бүгінде балаларыма жақсы әке болуға тырысамын. Мен бала күнімде “Бозторғай” деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. “Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ” дегенде өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой деп қатты таңғалғаным бар”, – деп жан сырын ақтарды эстрада жұлдызы. 

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты