«Әйеліме апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
04.05.2024, 21:43
4189
«Әйеліме апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті жеке парақшасынан

Танымал отбасы Қыран Талапбек пен актриса Гүлзада Тұрлаш отбасылық өмірлерінің қалай өрбіп жатқанын “DS show” бағдарламасында айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Гүлзада Тұрлаш жолдасының сыйлаған қымбат сыйлықтарын жиі көрсетіп жүр. 

“Мен қазір өзім армандаған өмірді сүріп жатырмын. Бірақ бұның материалдық жағдайға қатысы жоқ. Мен Қыранға тұрмысқа шықпай тұрып-ақ бақуат өмір сүргенмін. Ал қазір рухани тұрғыда бақыттымын. Меніңше, әрбір қыз өзін сыйлайтын, сүйетін, қолдайтын жігітке тұрмысқа шығуды армандайтын шығар. Бұл тұрғыда менің арманым орындалды. ...Күйеуің апта сайын қымбат бағалы, бренд әшекей сыйлау үшін ең алдымен Құдайға шүкіршілік айтуды ұмытпау керек. Сосын сол сыйлықты берген адамға алғысыңды жаудырасың. Мейлі, ол тіпті кішкентай нәрсе болса да, шын жүректен қуана білу керек. Мәселен, Қыран екеуміз кездесіп жүргенде ол маған кәдімгі түймедақ гүлін алып келетін. Одан басқа ештеңе берген емес. Басында оған қатты ашуланатынмын, "қандай жігіт мынау" деп көңілім түсіп кететін. Бірақ, кейін бәрін түзетуге болатынын түсіндім. Ал қазір апта сайын қымбат сыйлық алып тұрамын", – деді актриса. 

Әйелінің сөзін мобилограф та растап, әйелін қуанту үшін жұмыс істейтінін жасырмады. 

“Неге мен әйеліме апта сайын қымбат сыйлық беремін? Өйткені бұл не берсем де шын жүрекпен қуанады, алғысын айтып қабылдайды. Оның сол қуанған эмоциясын көру маған энергия береді. Соны көру үшін әрекет етем, жұмыс істеймін. Еркектер ондайдан күш-қуат алады", – деді белгілі мобилограф.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды