Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

05.05.2024, 09:14
583
Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы ашық дереккөзден

Республика бойынша жел күшейеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнгі уақытта елдің солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Елдің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болады. Түнде Ақтөбе, Қостанай облыстарында 1-6 градус үсік жүреді. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында 3 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында  Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты