Павлодар облысында ешқандай құжаты жоқ алты бала табылды

05.05.2024, 11:50
587
Павлодар облысында ешқандай құжаты жоқ алты бала табылды ашық дереккөзден

Балалардың ата-анасы – шетелдік азаматтар екені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында ешқандай құжаты жоқ алты бала табылды. Қазіргі уақытта бүлдіршіндер анасымен бірге облыстық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлік тексеруден өтіп жатыр. Олар – бір отбасының балалары. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Балалардың ең үлкені 2016 жылы, ең кенжесі өткен жылы ғана дүниеге келген. Ал ата-анасы шетелдік азаматтар. Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Павлодар қаласында полиция, прокуратура, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру бөлімдерінің мамандары бірлескен рейд жүргізу барысында кәмелет жасына жетпеген 6 баланы асырап отырған шетелдік отбасыны анықтады. Балалардың туған жылы 2016-2023 жыл аралығын қамтиды.

Олар ешбір АХАТ органдарында заңды түрде тіркелмеген, яғни туу туралы куәлігі және ЖСН-дері жоқ. Денсаулық сақтау және білім беру нысандарында бекітілмеген. Бұл - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу", - деп мәлімдеді департаменттен.

Қазір балалар анасымен бірге облыстық балалар аруханасына жатқызылып, дәрігерлік бақылауға алынды. Аурухана директорының орынбасары Ирина Орсагоштың айтуынша, отбасы мүшелерінің барлығын дәрігерлер тексеріп шыққан. Денсаулық жағдайлары тұрақты, бірақ дәрігерлік бақылау мен күтімді қажет етеді.

Жергілікті мемлекеттік органдар бүлдіршіндерге туу туралы куәлік пен ЖСН, сондай-ақ отбасыға Қазақстан аумағында уақытша тұруға рұқсат беретін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесіп жатыр.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты