Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

05.05.2024, 16:42
237
Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды Depositphotos.com

Енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылатын болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, ер адам кәмелетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

"Сотта азамат Г... кінәсін мойындамады, бірақ оның әрекеті қылмыстық іс материалдары, сот-медициналық сараптамасының қорытындылары, жәбірленушінің, оның өкілдері мен куәгерлер берген айғақтармен дәлелденді", - деді сот.

Осылайша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы 2-бөлігі негізінде педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

"Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы жазасын төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейтін болады", - деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі туралы" заң жобасы аясында бала зорлаған педофилдер еліміздегі ең ауыр жаза бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылатыны жөнінде жазған едік.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты