Шымкентте полиция шақырған қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
05.05.2024, 20:37
289
Шымкентте полиция шақырған қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Шымкентте полицияға жүгінген қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған. Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Shymkent.online парақшасында жарияланған жазбаға сәйкес екі қыз көшеде жігіттер күшпен ұстап отырған қызды байқаған.

Қыздың көмек сұрағанын естіген олар полицияға қоңырау шалыпты. Алайда қыздардың біріне белгісіз нөмірден қоңырау шалып, полиция бөліміне келуді сұраған. 

«Сәлден кейін полиция формасын киген ер адам келген. Ол құжат та ұсынбаған, өзін де таныстырмапты. Қыздар бұл жағдайды видеоға түсірмек болыпты. Бір сәтте полиция формасындағы ер адам ашуланып, қыздардың біріне шабуыл жасаған», – делінген жазбада. 

Анықталғандай көмек сұраған қызды ағалары күшпен ұстап отырған. Олар бойжеткенді үйіне алып бармақ болған. Расталмаған ақпаратқа сәйкес бойжеткен оқу оқиды әрі жұмысы бар екен. Ал анасы оған қол көтеретінін айтқан. 

Қыздар полицейдің әрекетіне қатысты шағым жазбақ болғанда белгісіз нөмірлерден қоңырау түсіп, жағдайды «жақсылықпен» шешуді ұсынған. Аталған дерекке қатысты Шымкент полиция департаменті пікір білдіріп, тәртіп сақшысына қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді. 

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты