Бұдан былай тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

Аиса Махамбет Редактор
05.05.2024, 21:12
196
Бұдан былай тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады ашық дереккөзден

Қазақстанда бірыңғай тұтас сызықты кесіп өту бойынша жауапкершілік күшейтілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаевтың енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылатынын айтты.

"Тұтас сызықты кесіп өту жауапкершілігі өзгертілді, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткеніңіз үшін жүргізуші куәлігінен айырыласыз", – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары.

Жаңабаев ауылдағы автобустар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүретінін айтты.

"Бөлек автобус жолағында М3 санатындағы көліктер жүре алады, оларға жүргізуші орнынан басқа жолаушыларға арналған сегізден астам орындығы бар автобустар кіреді. Көліктің жалпы салмағы 5  тоннадан артық болуы керек. Сонымен қатар үшінші топтағы мүгедектер көліктерін арнайы бөлінген тұрақтарға қойып, сәйкестендіру белгісін пайдалана алады. Сондай-ақ көлік қоюға тыйым салынған орындарға тоқтауға болмайды", – деді ол.

Өзгерістер 2024 жылдың 6 мамырында күшіне енеді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты