Димаштың Будапешт қаласындағы концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен адам келді

06.05.2024, 10:43
716
Димаштың Будапешт қаласындағы концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен адам келді dimashnews.com

4 мамырда Будапештте  Stranger туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өтті

Венгрияның ең үлкен алаңы Ласло Паппа атындағы спорт аренасы адамға толы болды. Будапештке Димаштың концертін тамашалау үшін әлемнің 77 елінен адам  келді, деп жазды dimashnews.com.

Әр елде өткізілетін Димаш шоуы халықаралық мерекеге айналып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнші жанкүйерлері қалаға алдын ала келіп, бір-бірімен танысып, дәстүрлі pre-party стилінде кездесу ұйымдастырады.

Будапешттегі концертте еуропалық авторлардың "GOLDEN" және "S. O. S D ' un TERRIEN EN DÉTRESSE" шығармалары Қытай және жапон композиторларының "battle of MEMORIES", "JUST LET it BE" және "AUTUMN STRONG" секілді туындыларымен үйлесе орындалды. 

Димаштың гастрольдік турының басты міндеттерінің бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру. "Дүрдараз" халық әні, "Адай" күйімен қатар сахнада белгілі отандық авторлар Еділжан Ғаббасовтың "FLY AWAY", Джордан Аракелян, Айгүл Бажанова мен Мұңайдар Балмолданың "Махаббат бер маған" және Димаштың інісі Әбілмансұрдың "TOGETHER" атты алғашқы композиторлық шығармалары шырқалды. Димаштың "Stranger" туры Венгриядағы әншінің жеке концертімен өз жалғасын тапты.

Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұл қаласында туған күніне орай өткізіледі. 

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды