БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі әйелін 10 жыл бойы азаптаған: Карина Мамаш үндеу жариялады (видео)

06.05.2024, 14:58
551
БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі әйелін 10 жыл бойы азаптаған: Карина Мамаш үндеу жариялады (видео) Azattyq Ruhy

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелі мен оның үлкен әпкесін ұрып-соққан.

Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан», - деп жазды белсенді.

Әйелдің өзі видеоүндеу жариялап,10 жылдан бері күйеуінен қорлық көріп келе жатқанын айтады.

«Мен Мамаш Карина Госманқызы БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш  Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті», - дейді ол.

Дина Таңсәрі әйелді балаларымен бірге Қазақстанға қайтаруды сұрады. БАӘ елшісі кеңесшісін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

«Фото мен видео азаптаудың болғанына дәлел. Президент Тоқаевқа, ІІМ, СІМ-ге ресми үндеу жасаймыз. Зорлықшының үстінен қылмыстық іс ашуды талап етеміз!», - деді Дина Таңсәрі.

Ол «Видеоға қараңыздар, Мөлдір Қабылова мен Салтанат Нүкенованың тағдыры қайталанып жатыр» деді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты