"6-сыныпта өзіме көйлек тіктім": Айжан Нұрмағамбетова балалық шағын есіне алды

06.05.2024, 17:56
894
"6-сыныпта өзіме көйлек тіктім": Айжан Нұрмағамбетова балалық шағын есіне алды бейнежазбадан

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айжан Нұрмағамбетова балалық шағын есіне алып, сәнгерлікке қызыққанын “Алғашқы” бағдарламасында айтып берді.

Stan.kz хабарлауынша, анасы он саусағынан өнер тамған ісмер әйел болып, қолдан неше түрлі көйлек тігіп беретін болған. 

“Әкем мен анам үйленгенде қайын ағасы іс тігетін машина сыйлапты. Соны анам өмір бойы аялап өтті. Мен бала күнімнен киімге қатты қызықтым. Сәнқой болып, неше түрлі көйлек кигенді жақсы көруші едім. Анам жаңа көйлек сатып әпереді, оны киіп көшеге шықсам 10 шақты қыздың үстінен көремін. Содан үйге келіп жылап, анама ренжеймін. Бір күні анам іс тігетін машинасын алдыма қойып, енді өзің тігіп ки деді. Содан 6-сынып оқып жүргенде өзіме алғаш рет көйлек тігіп кидім. Ол кезде теледидардан “Сән әлемі” деген бағдарлама болатын. Содан қарап киім үлгілерін құрастырдым. Ондай көйлек менде ғана болды”, – деп күлді өнер иесі. 

Бүгінде әні мен сәні үйлескен әншінің стилі ерекше. Бағдарламаға киіп келген көйлегінің де бағасын айтып, қалай тіккенін жасырмады. 

“2010 жылы фуражкамен көйлек киіп шықтым. Сол жылы сәнге айналды. Одан кейін тюрбан пайда болды. Оны да тақтым. Тіпті неше түрлісін көрдім. Менің бетіме африкалық әйелдердің тағатын орамалы жараса кетті. 25 жылдан бері арнайы стилистердің көмегіне жүгінемін. Мен бренд қумаймын. Ең бастысы денеге ыңғайлы болса болғаны. Бүгінгі бағдарламаға киіп келіп отырған киімімнің бағасы қымбат емес. 1 метрі 8 мың теңге тұрады. 3 метр алдым да костюм мен шалбар тігіп алдым. Бұл киімді әдемі етіп тұрған – жылтырағы. Әйел заты әсемдікке ұмтылуы керек”, – деп сөзін түйіндеді әнші. 

Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО)