Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды

07.05.2024, 10:50
251
Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды canva.com

Air Astana әуе компаниясы Еуропаның көрікті қалалары Ираклионға (Грекия) және Подгорицаға (Черногория) маусымдық жазғы рейстердің қайта басталатыны туралы хабарлады.

«Алматыдан Крит аралында орналасқан Ираклионға рейстер 6 маусымда дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рет жиілікпен басталады. Ұшулар Airbus A321LR авиалайнерінде 6 сағат 30 минут ұшу ұзақтығымен орындалады. Қазақстан азаматтарына Грекияға кіру үшін шенген визасы қажет. Ираклионнан Афинаға жергілікті тұрақты рейстермен жетуге болады, олар шамамен бір сағатты алады, сондай-ақ пароммен танымал Санторини аралдарына дейін жетуге болады.

Барлық алымдармен екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 307 959 теңге» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әуе компаниясы Черногорияның астанасы Подгорицаға ұшақпен бару мүмкін болатынын мәлімдеді. 

«Алматыдан рейстер 8 маусымнан бастап сейсенбі, жұма және сенбі күндері қатынайды, ал Астанадан Подгорицаға рейстер 9 маусымнан бастап дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады. 2024 жылғы 1 мамырдан 31 қазанға дейін Қазақстан азаматтары үшін Черногорияға 30 күнге дейін визасыз кіруге болады.

Алматыдан Подгорицаға барлық алымдармен екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 282 551 теңгеден басталады.

Рейстердің ұшу ұзақтығы A321LR ұшағымен Алматыдан 6 сағат 55 минут, Астанадан 6 сағат 30 минут» деп хабарлады әуе компаниясы.

Билеттерді airastana.com әуе компаниясының сайтынан, сондай-ақ Брондау және ақпарат орталығынан, әуе компанияның сату кеңселерінен, туристік агенттіктерден сатып алуға болады.

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді