Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2024, 13:21
209
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтауы Ақорданың ресми сайтына жарияланды.

 

«Құрметті отандастар!

Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.

Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз.

Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!

Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз!

Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік! 

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! 

Жеңіс күні құтты болсын!», делінген Президент құттықтауында.

Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО) «Енді маған жазбаңыз»: Сәдуақасова желіде жасын сынап жатқандарға жауап берді «Үндемей шығарып салған ғой»: Нұрлан Қоянбаев мейрамханада қызық жағдайға тап болды (ВИДЕО) "Ішетін адамдармен араласпаймын": Олжас Абай өзі туралы ел білмейтін жайтты айтты Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе алмасып жатыр Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде жеңіске жетті Алдағы бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Трамп "Көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты": Баян Мақсатқызы қызының өзін қалай құтқарғанын айтып берді (ВИДЕО) Павлодарда әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-соққан ер адам ұсталды (ВИДЕО) Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды Тойда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО)