«Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты

Аиса Махамбет Редактор
10.05.2024, 16:42
1030
«Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты жеке парақшасынан

Актриса қан майданды «Ұлы Отан соғысы» деп атауға қарсы шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты. Ол өз пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

Актриса екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен қан майданға аттанған 1,5 миллион азаматтың жанкештілік ерлігі мен олардың тең жартысының қайтып оралмағанын еске алып, аза тұтатынын жеткізді. 

"Ұлы Отан соғысы емес! Біріншіден, бұл соғысты бастаған қазақ емес. Қазақстан Ресейге бағынышты ел ретінде ол соғысқа қосылуға мәжбүр болды. Майданға кеткен ерлерімізбен қоса қазақ барын берді. Әрбір екінші оқ қазақтың қорғасынынан құйылды, әрбір үшінші танк қазақтың темірі мен шойынынан жасалды, ет, бидай, күріш, жүн, көптеген басқа да маңызды өнімдер зор көлемде Қазақстаннан жөнелтіліп отырды", -деді Әбдікәрімова

Блогер соғыс қасіретін елдегі әр отбасы сезгеніне, сол сұрапыл жылдарда отының басында бала-шағамен қалған әр ана батыр екенін жеткізді.

"Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" кітабында Айшаның көрген қиындығын білесіздер. Таң сәріден қара кешке дейін колхоздың жұмысына жегіліп, қара түнде балаларына берер ас таппай жаны қиналғанда, қақаған қыста пешке салар отын таппай Мұртазадан қалған жалғыз мұра киіз үйдің шаңырағын балтамен шапқанда, 11 жасар ұлын безгек шалып, қол-аяғы қалтырап қиналғанда 1 кесе ыстық сорпа бере алмағанда, қара күзде үйіне жете алмай үш бүлдіршінімен арба үстінде түнегенде мың өліп, мың тірілмеді ме? Өлмеді. Өлтірмеді. Түтінді сөндірмеді. Мен үшін соғыс жылдарындағы әр ана батыр", - деді ол.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты