SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 9 сәуірге қараған түні Рысқұлов даңғылында Suzuki Ninja мотоциклінің соқтығысуы салдарынан коммуналдық қызметтің үш жұмысшысы қаза тапты. Бұл туралы Zakon.kz жазды.
Suzuki Ninja мотоциклі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан, ал оның алдында Mercedes e-class автокөлігі келе жатты. Мотоцикл жүргізушісі көліктің оң жағынан айналып өтпек болған, алайда жылдамдығын да, айналу жолын да есептемеген.
Осылайша, Mercedes-ке ілігіп қалған мотоцикл жол жиегіне шығып, қарсы жаққа қарай ұшып кеткен. Ал, бұл уақытта, ол жерде жұмыстарын бітіріп, демалып отырған үш жол жұмысшысы отырған. Мотоцикл үшеуін де басып өтті. Тіпті, бір жұмысшының аяқ киімі жыртылып кеткен.
Апат салдарынан екі ер жұмысшы дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Ал, олардың бірінің әйелі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, алайда оны да құтқару мүмкін болмаған.
Осылайша, жүргізушінің олқылығынан осы маңда жұмыс істейтін жас қызметкер мен ерлі-зайыпты жұмысшы көз жұмды.
Мотоцикл жүргізушісі болса, бар болғаны денесін аздап сырып алған.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалист, анықтаушы жұмыс істеді.