Астаналықтардан биылға 19,3 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегіне өтінім түскен

28.04.2023, 13:06
249
Астаналықтардан биылға 19,3 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегіне өтінім түскен smartnews.kz

Астаналықтардан 2023 жылға 19,3 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегіне өтінім түскен. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Фатима Смағұлова осындай мәлімет берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Былтыр Астана қаласы бойынша арнайы тізбе арқылы 175 мың емделуші 18,7 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілді. 2021 жылы 14,5 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі берілген болатын. Жыл сайын амбулаториялық дәрімен қамтуға бөлінетін қаржының көлемі артып келеді. 2023 жылға 19,3 млрд теңгенің өтінімі берілді. Бүгінгі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 59 ауруды емдейтін әлеуметтік маңыздағы дәрілердің тізбесі бар. Оның ішіне қан айналымы, тыныс алу органдары, эндокрин жүйесі және басқа да органдардың ақауына қажет дәрілер кіреді», - деді ол.

Бөлім басшысы міндетті әлеуметтік медицналық сақтандыру аясында қандай ауруларға қарсы дәрі-дәрмек тегін берілетінін айтты.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ересектер ауруының атеросклероз, отит, ринит, керотит, артрит, артроз, псориаз, эндометриоз сияқты 24 түрі бар. Ал балалар арасындағы 48 түрлі ауру міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген», - деді Фатима Смағұлова.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты