LRT желісі Алматы - 3 жаңа вокзалы мен әуежайға дейін салынады

22.05.2023, 19:53
254
LRT желісі Алматы - 3 жаңа вокзалы мен әуежайға дейін салынады almaty-lrt.kz

Бас жоспар қоғамдық көлік дәліздерінің қуатына қарай аумақтарды дамытуға бағытталған транзиттік-бағдарланған даму (ТБД) қағидатына негізделеді.

Оны нақты іске асыру үшін магистральдық қоғамдық көлік БРТ, LRT, метро дәліздерін ұйымдастыру қажет, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қаласының жаңа Бас жоспарын әзірлеуші, көлік сарапшысы Роман Барабановтың айтуынша, ТБД қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жеке автокөлікпен жүру қажеттілігін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

«Метро, БРТ, LRT (жеңіл рельсті трамвай), сондай-ақ бөлінген жолақтар қаланың белгілі бір жерлерінде қалалық және аудандық маңызы бар көлік-ауыстыру тораптарымен (КАТ), жергілікті байланыстар деңгейінде өзара байланысты болады, сондай-ақ оларға мүмкіндігінше велоинфрақұрылым (веложолдар, веложолақтар) жеткізіледі. Сонымен қатар, КАТ бірқатар автобус маршруттарын оңтайландыруға мүмкіндік береді»,- деді ол.

Сарапшының сөзінше, толыққанды көлік-ауыстыру тораптары Алматы - 2 вокзалында пайда болады. Бұл Райымбек батыр метро станциясын қолжетімді етуге, қала маңындағы автобустардың бағыттарын Қонаев қаласына, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына электр пойызымен кетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Алматы -1 вокзалының жанында метроға ауысуға жағдай жасалады. Ал, ұзарған желінің өзі БРТ және LRT-мен түйісетін болады.

Сонымен қатар, сарапшы жеңіл рельсті жүрдек көліктер жобасы қалаға көптен бері қажет екенін айтты.

«Ең алдымен LRT Төле би көшесі арқылы өтеді. Содан кейін трамвай Орбита ықшам ауданына, тұңғыш президент саябағына, батыста «Барлық» автовокзалына, Боралдай индустриялық аймағына, Алматы-3 теміржол вокзалына (болашақта салу жоспарланған), мегаполистің төменгі жағымен әуежайға барады»,- деді ол.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты