Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты

08.06.2023, 13:36
383
Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты championat.com

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойын көрсетеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл жөнінде ол «Mundo Deportivo» сайтына берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.

Арнайы мәлімдемесінде «Барселона» және «Пари Сен-Жермен» клубтарының бұрынғы ойыншысы жаңа командаға ауысқанын растады.

«Мен «Барселона» командасына оралмаймын, мен «Интер Майами» командасы қатарына қосыламын. Енді реттейтін бірнеше жұмыс бар. Бұл сауал 100 пайыз толықтай шешілді деп санаймын», - деді ол.

Еске салсақ, жақында Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубынан кеткенін мәлімдеген болатын. Аргентина құрамасының 35-жастағы шабуылшысы аталған клубтан еркін агент ретінде кетті. Командада 2021 жылғы жаздан бері ойын көрсетті.

Месси «Интер Майами» клубынан бұрын «Бсрселона» мен Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командаларының ұсынысын қабылдаған жоқ. Сауд Арабиясының клубы оған екі жылға 1,2 миллиард еуро еңбекақы ұсынған болатын.

Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы «Пари Сен-Жермен» сапында 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО)