«URKER» – 2023 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

08.08.2023, 19:23
434
«URKER» – 2023 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды egemen.kz

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінім қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шықан болуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

1. Жылдың үздік сұхбаты

2. Жылдың үздік репортажы

3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)

5. Жылдың үздік аналитикалық материалы

6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы

7. Радиостанциядағы үздік жоба

8. Жылдың үздік фотосуреті

9. Үздік өңірлік БАҚ

10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)

11. Үздік подкаст

12. Үздік YouTube каналы

Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Әр номинация жеңімпазына «URKER» - 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы табысталады.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды