Жайыққа батып кеткен баланың әкесі де есін жимаған күйі қайтыс болды

14.08.2023, 14:47
1183
Жайыққа батып кеткен баланың әкесі де есін жимаған күйі қайтыс болды smartnews.kz

Оралда Жайық өзеніне батып кеткен баланың құтқарылған әкесі де есін жимай көз жұмды, деп хабарлайды smartnews.kz cайты Мой город басылымына сілтеме жасап.

Бүгін, 13 тамыз сағат 16:47 кезінде құтқарушылар пультіне Жағалау көшесінде Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабар түскен.

Өзенде шомылып жүрген 49 жастағы ер адам, 12 және 17 жасар екі жасөспірімге көмек қажет болған.

Құтқарушылар ересек кісі мен 12 жасар баланы судан шығарып үлгерді.

Ал 17 жасар жасөспірімнің денесі төрт сағат іздегеннен кейін табылып, жағаға шығарылды. Ол құтқарылған ер адамның ұлы еді.

Кейінірек БҚО ТЖД 49 жастағы ер адамның ес-түссіз жатқанын хабарлады.

Құтқарушылар оған жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Өкінішке қарай, реанимациялық шараларға қарамастан ер адам есін сол күйі жиған жоқ.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты