ҰБТ тапсыру кезінде қулыққа барған талапкерлер грантты қайтарып береді

22.08.2023, 15:11
290
ҰБТ тапсыру кезінде қулыққа барған талапкерлер грантты қайтарып береді canva.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-да талапкердің компьютеріне онлайн қосылып, жоғары балл алуға көмектескендер мәселесіне түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біз Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өте тығыз жұмыс істейміз. Өздеріңіз білетіндей, тест тапсырмалары мен олардың мазмұны «Мемлекеттік құпия туралы» заңның объектісі саналады. Сондықтан мұнда ҰҚК тергеу жүргізеді. Биыл барлық өңірде комитеттің департаменттері тікелей бақылау жүргізді. Біздің ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірге жұмыс істеді», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына Үкімет отырысынан кейін.

Ведомство басшысы тексеру барысында жүздеген олқылық әшкере болғанын атап өтті. Нақты саны әлі де анықталуда.

«Соңғы мәліметке сай, 300-ден астам талапқа сәйкес келмеу фактілері анықталды. Осы жағдайлардың әрқайсысы бойынша ҰҚК және Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірлесіп, қосымша тергеу жүргізіледі. Егер ақпарат расталса, онда балл жойылады. Егер осы уақытқа дейін талапкер грант иегері атанып үлгерсе, онда ол оны кейін қайтарады. Тиісінше, грант қайта үлестіріледі. Қыркүйек айында нақты белгілі болады. Ең жоғары балл жинаған, бірақ грант алмаған үміткерлер арасында осы гранттар қайта бөлінеді», - деп түйіндеді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, мәселенің нақты мән-жайы анықталып, нәтижесі қыркүйек айының ортасына қарай жарияланады.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты