Жеке құрам қызметкерлері кәсіби дағдыларын шыңдады

21.09.2023, 18:54
218
Жеке құрам қызметкерлері кәсіби дағдыларын шыңдады

2023 жылдың 21 қыркүйек күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде басшылық құрамның қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде төрт  сұрақ қарастырылды. Ең алдымен «Арнайы контингентке қатысты дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану алгоритмі», «Жеке құрам арасында жемқорлық және басқа да құқық бұзышылықтардың профилактикасы», «Стресс, жеке құрам арасындағы психикалық өзін-өзі реттеу. Суицидтің алдын-алу», «Алып жүретін бейнетіркегіштерді қолдану, ақпаратты алу және сақтау тәртібі жайында баяндалды. Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар бойынша ҚАЖ департаменті режим және қадағалау тобының жедел уәкілі әділет майоры Асыл Ертай мен кадр саясаты тобының аға инспектор-психологы әділет капитаны Моншақ Маханова баяндама оқыды.

Тергеу мекемесінде өткізілген жедел кеңеске арнайы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров, ҚР ҚАЖК өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі әділет майоры Н.Мектегенов, ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны Р.Жамбылов пен №68 мекемесінің бастығы әділет майоры Қ.Ильясов сондай-ақ, мекеме орынбасарлары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

-    Бүгінгі өткен жиында жеке құрам қызметкерлеріне жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, баяндамашылар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қызмет барысында орын алатын келеңсіз жайттар болған жағдайда бейнетіркегіштерге түсіріп, сотталған мен айыпталған азаматтармен сыпайы сөйлесу мен заң бойынша жұмыс жасау айтылды. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға байланысты мекеме жеке құрам қызметкерлері арасында жұмыс барысына жиналыстар өткізіліп, қызметтік түсіндірме жұмыстары әр күн сайын жүргізіліп отырады деді, - мекеме бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты