Қызылорда облысының тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 11 жылға сотталды

19.10.2023, 18:59
277
Қызылорда облысының тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 11 жылға сотталды polisia.kz

Қызылорда облысының тұрғыны есірткі затын сақтағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы жылдың қаңтар айында көлік полицейлері, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікпен Қызылорда облысының 57 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тұрғылықты жерін тінту барысында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 9 келі 824 грамм болатын кептірілген марихуана заты табылып, тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3 тармағына (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен күдікті 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 9 айында еліміздің көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 317 есірткі құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 27 өткізу фактісі, 25 аса ірі мөлшерде сақтау және 5 контрабанда. Заңсыз айналымнан 443 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

 

Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді