TikTok-та мұғалімдер мен оқытушыларға арналған байқау жарияланды

01.11.2023, 12:29
367
TikTok-та мұғалімдер мен оқытушыларға арналған байқау жарияланды canva.com

TikTok әлеуметтік желісінде Қазақстан мұғалімдеріне арналған байқау жарияланды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Оған TikTok-та аккаунты бар ұстаздар мен оқытушылар қатыса алады.

Байқау 1 қараша мен 17 желтоқсан аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында танымдық қысқа видео түсіріп, әлеумет желіге жүктеуге тиіс. Бейнероликтің ұзақтығы 30 секундтан кем болмауы қажет. Видеоны жариялағанда #қазақстанмұғалімдері немесе #учителяказахстана хэштегтерін қолдану керек, – деп жазылған хабарламада. 

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова байқаудың неге ұйымдастырылып жатқанын түсіндірді.

Бұл жоба арқылы педагогтер өз білімін шығармашылық арқылы көрсете алады. Осылайша, ғылымды, пәндерді интернетте кеңінен насихаттауға мүмкіндік алады. Біз Қазақстанда TikTok-ты пайдаланатын дарынды мұғалімдерді көріп жүрміз. #ҚазақстанМұғалімдері байқауы мұғалімдер мен оқытушылардың шабытын оятып, пәнді қызықты форматта беруді көздейді, - деді ол.

Байқау 4 номинация бойынша ұйымдастырылады:

  • TikTok мұғалімі – 2023. Мектептердегі мұғалімдер мен колледждердегі оқытушыларға арналған номинация. Ол бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп видеоға түсіру керек. Ең креатив ролик авторы жеңімпаз атанады;
  • TikTok мұғалімі оқытушысы – 2023. Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған номинация. Мұнда да ең креатив ролик авторы жеңімпаз болады.
  • TikTok-тағы жаңалық. Байқауда жарияланған ролик ең көп қаралым жинауға тиіс. Ұстаздар мен колледж, унивеситтеттегі оқытушылар қатыса алады.
  • Үздік бейнеролик. Байқауда жарияланған ролик ең көп қаралым жинауы керек. Мұнда оқытушы жеңімпаз атанады.

Байқауда жеңіске жеткен мұғалімдер мен оқытушыларға iPhone 15 ұялы телефоны сыйлыққа беріледі.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты