200-ден астам мұғалім «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр

10.11.2023, 16:01
401
200-ден астам мұғалім «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр globalnews

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуде айтты.

Елімізде қызмет ететін мұғалімдер 200-ден астам қазақстандық педагог «Білім беру» және «Педагогика» бағыттары бойынша «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде тағылымдамадан өтіп жатыр.

«Сапалы білім берудің негізі - мұғалімдердің әлеуетін үздіксіз арттыру екені белгілі. Осыған орай педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеруде. Биыл 142 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Негізгі назар ауыл педагогтеріне бағытталған. Олардың үлесі 70%-ды құрайды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысының айтуынша, бірінші басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында мыңға жуық балабақша меңгерушісі, мектеп және колледж директорлары ротацияланды. 

«Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша «Білім берудегі өзгерістің 1 000 көшбасшысы» іріктеліп, пилоттық режимде даярлаудан өтіп жатыр. Осылайша, 2024 жылдан бастап жыл сайын жаңа форматтағы басшылардың кадрлық резерві толықтырылатын болады. Колледждердегі менеджмент жүйесін жақсарту үшін  осындай кадрлық резервті жасақтау жұмыстары орта кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында да қолға алынбақ», - деді министр.  

Сондай-ақ, үздік білім беру ұйымдарының басшыларын «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3-6 айлық курсқа шетелдік стажировкаға жіберу жұмыстары жалғасады. 

Қазақстанның 7 өңірінде құрғақшылық болады – Қазгидромет Биыл Жетісу облысында 2 млн тонна ауыл шаруашылық өнімі жиналмақ Алматыда Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының халықаралық конференциясы өтті Мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов дүниеден озды Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын Германия мен Жапонияның үлгісі бойынша: зейнеткерлерге арналған «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылады «Жаңа заң жазалауды ғана емес, алдын алуды көздейді»: ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды түсіндірді "Қорықтым": Уәлибек Әбдірайымов бұған дейін неге фильмдерге түспегенін айтты Екі ағайынды құтқарушылар трассадағы адамдардың өмірін құтқарады «Адамға адам керек екенін түсініп келе жатырмын»: Жахан Отарғалиев желіде әсерлі жазба жариялады «Кешірім сұрап, намаз оқып жатыр»: «Меломен» әншісінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтін жариялап жіберді (ВИДЕО) Отандық «Kazsat» спутниктік топтамасы нығайып жатыр Алматыда той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (ВИДЕО) «Сатқындық пен тексіздікті көрдім»: Нұржан Қалжан өнердегі достарымен неге араласпай кеткенін айтты Гүлмира Сатыбалды ісі: Сотта жәбірленуші үйін қалай тартып алғанын айтып берді «Өз еркі – өзінде»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірді «Сахнада боқтауға болмайды»: Аида Балаева шоу-бизнес өкілдеріне ескерту жасады Астанада Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтті «24 сағаттың ішінде жауап күтемін». Айтбек Амангелді Ермұхамет Ертісбаевқа қатысты мәлімдеме жасады Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар күзде «Ақылды» үйге қоныстанады