Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған

06.12.2023, 18:57
622
Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Ақорда

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралап көрді, деп хабарлайды Халық үні.

Президент «Зерде-Керамика Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Индустриалды аймақта орналасқан өндірістік нысанның аумағы – 15 гектар. Зауыт жылына 5 миллион шаршы метр өнім өндіреді.

Зауыттың атқарушы директоры Дәурен Битеміровтің айтуынша, мұнда шығарылатын керамогранит пен қыш плиталар Қазақстанның батыс өңірлерінің сұранысын толығымен өтейді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де экспортталады.

Өндірістің барлық жұмысы толықтай автоматтандырылған. Бұл зауыттың ерекшелігі саналады. Жүйе италиялық SACMI фирмасының заманауи қондырғысы арқылы басқарылады.

Нысанға 9,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. «Өндірісті дамыту қоры» акционерлік қоғамынан қондырғылар сатып алу үшін мемлекет 7,5 миллион еуро көлемінде несие алуға қолдау көрсеткен.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты