Вена қаласында «Қазақстан көшпенділері. Салты мен дәстүрлері» көрмесі ашылды

16.12.2023, 10:10
371
Вена қаласында «Қазақстан көшпенділері. Салты мен дәстүрлері» көрмесі ашылды gov.kz

Аустрия жұрты қазақ салт-дәстүрі қызықтырды.

Smart News басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Аустрия Ұлттық кітапханасының ғимаратында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің көрмесі ашылды. «Қазақстан көшпенділері. Салты мен дәстүрлері» атты көрменің ашылу салтанатында Аустрияның мемлекеттік органдарының, мәдениет, өнер, білім, туризм, БАҚ, бизнес құрылымдарының, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Вена тұрғындары мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған туристер Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік алды. Қонақтардың назарына Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорларынан көптеген экспонаттар ұсынылды, олардың ішінде музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар, киім-кешек және т.б. Табиғи материалдардан жасалған әшекейлері бар қазақ киіз үйі келушілерге ерекше ұнады.

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді өзінің құттықтау сөзінде көрме атауының маңыздылығына назар аударды. «Қазақстан – ұлы көшпелі өркениеттің мұрагері. Біздің еліміз мыңдаған жылдар бойы көптеген қоғамдардың, мәдениеттер мен діндердің тоғысқан жеріне айналды. Қазақстан өзінің ежелгі тарихымен және көп қырлы мәдени мұрасымен мақтан тұтады», – деп қазақстандық дипломат атап өтті.

«Біздің елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың тереңдеп келе жатқаны ерекше қуантады. Қазақ даласының еркін рухы Еуропаны дүр сілкіндірді» – деп Аустрия Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры, Аустрияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Герхард Зайллер назарға алды.

Тарихи жәдігерлермен қатар, Альпі республикасының тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын «Алатау» фольклорлық ансамблі әртістерінің концерті тудырды. Олардың орындауында домбыра, қобыз және сазсырнай сияқты ұлттық аспаптарда қазақстандық композиторлардың шығармалары шырқалды.

Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына ерекше сыйлық тарту етті (ВИДЕО) Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті (ВИДЕО) Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО) «Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады»: Депутат Абзал Құспан елордалықтарға шүйлікті «7 жыл тергеуші болып жұмыс істедім»: Айдар Асқарбек кино әлеміне қалай келгенін айтып берді Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды (ВИДЕО)