"Пранктың кесірінен арбаға таңылдым". Танымал театр басшысы тағдырына әсер еткен оқиғасын бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
18.12.2023, 15:24
2085
"Пранктың кесірінен арбаға таңылдым". Танымал театр басшысы тағдырына әсер еткен оқиғасын бөлісті видеодан алынған кадр

"Дөңгелекке басым тиіп, омыртқам сынды"

"Қанаттылар" инклюзивті театрының директоры, актер Арнұр Ысқақов "Сұрауы бар" youtube-арнасына берген сұхбатында арбаға таңылуына әсер еткен тағдыры туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, оқиғаға пранк жасаған қыз себепші болған.

"Туған күніме бір апта қалған кез еді. Ол кезде 23 жаста едім. Теміржол ауруханасында жұмыс істеп жүргенмін. Еңбекақымды күтіп жүргенмін. 28 шілдеде ауысымнан шықтым. Сыныптасым туған күніне шақырды. Сол жерге барып, құттықтап шықтым. Қарағандыдан шыға берісте Нұра өзеніне шомылуға келдік. Бір қыздың айқайлаған дауысын естіп қалдым. Олар судың арғы жағында. Суға бір кіріп, бір шығып жатты. Қолымнан келгенше құтқаруға тырысып, қатты жылдамдықпен суға жүгіріп, секірдім. Сол кезде дөңгелекке басым тиіп, омыртқам сынды. Сол дөңгелек тағдырымды екіге бөлді. Басқа арман-мақсатым бар еді. Қызға жетпедім. Достарым көріп, шығарып алды. Содан кейін арбаға таңылдым", -деді ол.

Арнұр Ысқақов бұл оқиғадан соң өз-өзіне қол жұмсағысы келген сәттер көп болғанын айтты.

"Өз-өзіме қол жұмсағым келген сәттер болды. Үйде жалғыз қалдым. Арбамен пышақты алып, тамырымды кескім келді. Сол кезде анам келіп қалды. Кейін ата-анамды ойлап, бұл ойдан айныдым", - деді ол.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты