Қостанайда балалар үйіне сыйға тартылған шыршаны қызметкер үйіне алып кеткен

Аиса Махамбет Редактор
31.12.2023, 17:41
526
Қостанайда балалар үйіне сыйға тартылған шыршаны қызметкер үйіне алып кеткен tobolinfo

Шыршаның ұрланғаны рас па?

Smart News басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында балалар үйінің қызметкері балаларға сыйға тартылған шыршаны алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Ксения Голомидова бірнеше жылдан бері Қостанай және Рудный қалаларындағы балалар үйлеріне демеушілік көмек көрсетіп келеді. Ол мекемеге құны 276 мың теңге болатын жаңа жылдық сөмкелер мен жалпы құны 48 мың теңге тұратын 3 үлкен шыршаны сыйға тартқан. Бірақ ол мекеме қызметкерлерінен фотосын сұраған кезде оған мүлде басқа шыршаның суреттері жіберген. 

"Балаларға үш үлкен, жасыл шырша әкелдім. Ол 22 желтоқсан болды. Арнайы екі метрден асатын қымбатын сатып алдым. Сурет жіберуін сұрағанда, олар басқа ағаштардың суретін жіберді. Олар әлдеқайда кіші әрі сарғайып кеткен. Мен бұл мәселені көтере бастағанда, ештеңе түсіндіре алмады", - деді кәсіпкер.

Балалар үйінің қызметкерлері журналистерге үш шыршаны көрсетті. Айтуынша, оларды демеуші сыйға тартқан.Бірақ кәсіпкер де, шыршаны сатушы да мұнымен келіспейді.

"Бұл менің тауарым емес. Мен шыршаларды дайындап жатқанда, Ресейге арнайы барып, әр ағашты таңдап аламын, оларды кескен кезде басқалармен араласпауы үшін бояумен белгілеймін", - деп түсіндірді сатушы.

Ксения сурет бірнеше күн бойы жіберілмегенін, сол себепті камералардан видеоны көрсетуді сұрағанын, бірақ жұмысшылар видеоны көрсетпегенін жеткізді. 

"Мен ештеңе айта алмаймын. Бұл жағдайды анықтаймыз", - деді "Қостанай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы" КММ директорының орынбасары Динара Әлмұхамбетова.

Ксения полицияға жүгінуге мәжбүр болды. Нәтижесінде балалар үйінің қызметкерлерінің бірі демеушілер әкелген шыршаны үйіне алып кеткенін мойындады. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, тағы екі шырша орнында тұр, бірақ Ксения мұнымен келіспейді. Енді бұл мәселені полиция тексеретін болады.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты