Kyzylorda Hub Startup Joly инкубациялық бағдарламасын сәтті аяқтады

09.01.2024, 18:47
370
Kyzylorda Hub Startup Joly инкубациялық бағдарламасын сәтті аяқтады gov.kz

Kyzylorda Hub Startup Joly инкубациялық бағдарламасының екі легін аяқтап, стартаптардың дамуына бірегей мүмкіндік беретін 4,500$ жүлде қорын ұсынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңінде ұйымға 257 өтінім келіп түсті, оның ішінен 102 келешегі бар жоба іріктелді.

Қарқынды оқыту барысында стартап-командалар технологиялық кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері бойынша курсқа, сондай-ақ воркшоптарға қатысып, ұжымдық және жеке тәлімгерліктен өтті. Соңғы Demo Day кезеңінде 42 жоба инвесторларға өз идеяларын ұсынды.

Енді бағдарламаның әрбір қатысушысының өз стартапы үшін гранттық қаржыландыруды тартуға, сондай-ақ жобаны одан әрі ілгерілетуге қолдау алуға мүмкіндігі бар. Бұл жетістік Kyzylorda Hub-тың аймақтағы инновациялық идеяларды ынталандырудағы және кәсіпкерлікті дамытудағы айрықша рөлін көрсетеді.

Инкубациялық бағдарламаны сәтті аяқтаумен қатар, Kyzylorda Hub командасы тамыз айында Сеул технологиялық университетінің делегациясымен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда қаласындағы Жасанды интеллект мектебінің жанындағы бизнес-инкубациялау орталығы аясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Сеул Тех делегациясы Kyzylorda Hub-ты қолдауға қызығушылық танытып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жанындағы Kyzylorda Hub жаңа коворкингін техникалық жарақтандыруға демеушілік көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл қадам өңірдегі инновациялық жобалар мен стартаптарды дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Астанадағы ерекше орын қауіпті болғаны үшін жабылды Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды Америкада қара нәсілді әйел келесі президент болуы мүмкін Мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейді – ІІМ Қытай Ресейдің күніне жарап тұр Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды "Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шымкентте үшем дүниеге келді «Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы табылмай жатыр Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды "Өшір ананы": мазар басында топыраққа саусақ тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды 21 мамырда Алматыда дабыл белгісі іске қосылады Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты