Римде қазақстандық апорт таныстырылды

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2024, 10:51
455
Римде қазақстандық апорт таныстырылды gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан өзге елдерге де танымал сорт туралы айтып берді

Smart News басылымының хабарлауынша, Италия Республикасындағы ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев FAO Бас директоры Цюй Дунъюмен кездесті. Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының» (FAO) басшысына осы ұйымның «Бір ел - бір басым өнім» бағдарламасына қатысатын әйгілі қазақстандық апортты таныстырды.

FAO Бас директорымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан өзге елдерге де танымал сорт туралы айтып берді.

- Қазақстан алманың отаны ретінде кеңінен танымал. Апорт алмасы еліміздің ең ірі мегаполисі, менің туған қалам Алматының маңында өседі. Қазақ тілінен аударғанда «Алматы» «алманың мол жері» дегенді білдіреді, - деді Президент.

Апорт жемісі үлкен көлемімен, тамаша иісімен және дәмді шырынымен ерекшеленеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның апортты әлемдік нарықтың алдыңғы қатарына жылжыту жөніндегі бастамасын FAO басшысы Цюй Дунъюй қолдайтынына сенім білдірді.

1970 жылы Қазақстанда 3,8 миллион апорт ағашы болса, 1984 жылы 1,4 миллион ғана қалды.2000 жылға қарай Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сорттың 115 формасы мен клонынан тұратын коллекция жасалды. 2012 жылы сортты қалпына келтіру және жасарту бойынша ғылыми зерттеулер басталды, оның ішінде Сиверс алма ағаштарына апорттың эксперименттік бағы салынды, онда 2023 жылы салмағы 400-500 г болатын алғашқы ірі жемістер алынды.

Аты аңызға айналған апорттың Италиядағы стендін жас PhD ғалымдары Сағи Солтанбеков пен Балнұр Қабылбекова сүйемелдеп, итальяндық журналистер мен кездесуге қатысушыларға қазақстандық алма туралы айтып берді.

FAO-ның «Бір ел – бір басым өнім» бағдарламасы 2021 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Бағдарлама ерекше құнды ауылшаруашылық өнімдерін, яғни географиялық аймаққа, ауыл шаруашылығы тәжірибесіне және мәдени мұраға байланысты бірегей сапалары мен ерекше сипаттамалары бар өнімдерді «жасыл» дамыту бастамаларына бағыттайды.

Бағдарламаға өз өнімдерімен басқа елдер де қатысуда. Мысалы, Түркия інжірді, Молдова асханалық жүзімді, Өзбекстан шиені елдің ерекше құнды ауылшаруашылық өнімі ретінде бекіткен.

Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті «Той мен дінді шатастырып»: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шақырды (Видео) «Бұған не болды»: Нұрболат Абдуллиннің жаңбыр астындағы видеосы қызу талқыға түсті Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды «189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды