Қазақстандық студенттер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ерекше жобаны бастады

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 19:09
299
Қазақстандық студенттер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ерекше жобаны бастады gov.kz

«YNGAI» жобасы қолға алынды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика жоғарғы мектебінің студенттері Мейрамбек Омархан мен Жанбол Ерболұлы философия докторы, қауымдастырылған профессор Даурен Бекежановтың жетекшілігімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап «YNGAI» жобасын қолға алды.

Жобаның негізгі мақсаты - мүгедектер арбасы жүре алмайтын жерлерде (баспалдақ, тар бөлмелер, жүруге ыңғайсыз жерлер, арба өлшемі сыймайтын кеңістіктер), мүмкіндігі шектеулі адамның өз күшімен қимылдауына жағдай жасау.

Шағын жұмсақ орындықтың құрылымы өте қарапайым. Жамбасқа ыңғайлы төрт бұрышты көрпешенің екі белбеуі бар. Белбеулер белден және тізенің үстінен байланады. Бөлшектері арқылы орындықтың өлшемін өзгеруге болады. Адамның сырғып немесе құлап кетпеуі үшін астыңғы бөлігінде тіреуіш орналасқан. Сондай-ақ бетон едендерден суық өтпес үшін орындық ішінде жылытқыш құрылғы орнатылған. Жүріп-тұруы қиын адам қозғалғанда күш қолына түсетін болғандықтан қолғап та, қарастырылған. Тағы бір ерекшелігі, орындық аллергиялық аурулар туындатпайтын, суға төтеп бере алатын, отандық табиғи өнімдерден жасалған.

Соның ішінде: паралон, Oxford 1650, нейлон ленталары, фетор және т.б. Қажетті жабдықтар бар.Төтенше жағдай орын алған кезде де мүмкіндігі шектеулі жандарды эвакуациялауға ыңғайлы. Орындықтың екі жақ шетінде арнайы ілмек бар. Сол ілмекке таяқшаны іліп, екі адам екі жағынан көтеріп жүре алады.

«Студенттермен бірлесіп жасаған жұмсақ орындық қолданыста бар зембілдің жетілдірілген түрі. Көрпеше жүру мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайын біршама деңгейге жеңілдетеді, әрі маңайындағы адамдарға деген тәуелділігін азайтады», - дейді жоба жетекшісі Даурен Бекежанов.

Қытай Қазақстаннан өнім импортын арттырмақ Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды Әйелді азаптау Қазақстандағы жаңа тренд «Наурыз» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алуға болады «Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады Жарымжан таксисті балағаттаған астаналықтың ісі сотқа жіберілді «Үлкен қалаға не керек, кіші ауылға да сол керек»: Қарағанды-Сұрыптау жағдайы Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлады Ауыл тұрғындары фосфор қалдығына уланып жатыр Қазақстан әзірбайжандар мен армяндарды татуластырып жатыр Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты Бүгін елордада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр "Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады «Қартаяйын дедім бе...»: Сәкен Майғазиев ән тыңдап, жылап қалды «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО) «Өлуге дайынмын»: Қазақ тілін қорғаған азамат ісімен жұртты өзіне тәнті етті (ВИДЕО)