Былтыр Қытай, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея және Жапониядан қанша автокөлік әкелінді?

09.02.2024, 18:45
698
Былтыр Қытай, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея және Жапониядан қанша автокөлік әкелінді? twitter

Көліктердің құны қанша?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 2023 жылы 149 150 жеңіл автокөлік құралдары кедендік рәсімдеуден өткен. Бұл көліктердің жалпы құны 2,9 миллиард АҚШ долларын құрап, 385,9 миллиард теңге сомада кедендік төлемдер мен салықтар төленген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің дерегінше, негізінен автомобильдер 5 елден әкелінді: Қытайдан – 45 984 дана, Грузиядан – 39 395 дана, БАӘ – 20 320 дана, Оңтүстік Кореядан – 14 870 дана, Жапониядан – 11 438 дана.

Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.

Ол ұсынымдық сипаттағы ақпарат ретінде ұсынылады.

Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

- өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;

- импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағынемесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;

- сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген құжаттар тауарларға декларация берумен бірге ұсынылуы қажет екенін атап өтеміз. Бұл шара кедендік тазарту уақытын едәуір қысқартуға көмектеседі.

Білім ордасының ішкі 3D туры іске қосылды Алматы облысында полициядан қашқан мас жүргізуші жолаушылармен бірге көлік аялдамасына кіріп кеткен "Назарбаевқа берген уәделерін жоюы керек": Әміржан Қосан Жаңа Қазақстанның орнауына не кедергі екенін айтты "Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды Астанада жаппай веложарыс өтеді Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалды Нөсер жаңбыр, бұршақ: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік болуы мүмкін Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 150 адам мерт болды (ВИДЕО) Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті «Той мен дінді шатастырып»: Тойдың бірінде екі жасты азан шақырып ортаға шақырды (Видео) «Бұған не болды»: Нұрболат Абдуллиннің жаңбыр астындағы видеосы қызу талқыға түсті Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды «189 рет жол ережесін бұзған»: Алматыда полицейлер 7 млн теңгеге жуық айыппұлы бар шетелдікті ұстады «Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (ВИДЕО) «Алматыда көлік болмағандықтан осындай көлік сыйлаймын деп шештім»: Фариза Төреәлінің күйеуі оған электрокар сыйлады «Қадіріне жете біл»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы елдің жүрегін елжіретті Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты